Стамбул жеңісінің 570 жылдығы тойлануда

Стамбул жеңісінің 570 жылдығында Айя-София мешітінде таң намазы оқылды.

1992480
Стамбул жеңісінің 570 жылдығы тойлануда
ayasofya istanbul'un fethi.jpg
istanbul'un fethi ayasofya.jpg
ali erbas ayasofya istanbul'un fethi.jpg

Бүгін Стамбулдың жеңіп алынуының 570 жылдығы.

Әзіреті Мұхаммед Пайғамбар сүйіншілеген Стамбулды 570 жыл бұрын Фатих Сұлтан Мехмедтің қолбасшылығымен Османлы Империясы жеңіп алды.

1453 жылы 29 мамырда есігі айқара ашылған Стамбулды жеңіп алумен «Жеңіп алушы» атағын алған Сұлтан II Мехмед мықты төзімділікпен қаланы тонатпай, жеңістің символы ретінде Айя-Софияны мешітке айналдырды. 

Стамбул жеңісінің 570 жылдығында Айя-София мешітінде таң намазы оқылды.

Дін Істері Басқармасының төрағасы Али Ербаш имам болған намазға Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу да қатысты.

Айя-София мешітін жүздеген адам толтырды.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп әлеуметтік желідегі парақшасында Стамбулдың жеңіп алынуының 570 жылдығын еске алды.

Мұстафа Шентоп:

«Ғасыр аттап, тарихтың бағытын өзгерткен сұлтандардың сұлтаны Фатих Сұлтан Мехмедтің әлемнің інжу-маржаны, аяулы халқымыздың құндылығы Стамбулды жеңіп алуының 570 жылдығы құтты болсын!» деді.

Стамбулды жеңіп алу күні  әр жыл болғанындай 29 мамырда еліміздің түкпір-түкпірінде және Солтүстік Кипр Түрік Республикасында қуанышпен тойлануда.



Ұқсас жаңалықтар