Ұлттық сүңгуір қайық «Hızır Reis» суға жіберілді

Ұлттық сүңгуір қайық «Hızır Reis» Гөлжүк кеме жасау зауытында суға жіберілді.

1991083
Ұлттық сүңгуір қайық «Hızır Reis» суға жіберілді

Ұлттық қорғаныс министрлігі жаңа үлгідегі сүңгуір қайық жобасының екінші кемесі «Hızır Reis»-тің  суға  жіберілгенін хабарлады.

Министрліктің Twitter аккаунтында жасалған мәлімдемеде «Жаңа үлгідегі сүңгуір қайық жобасының екінші кемесі «Hızır Reis» 2023 жылы 25 мамырда суға жіберілді. Әскери-теңіз күштерімізге сәттілік тілейміз» делінді.

Гөлжүк кеме жасау зауытында жасалған алғашқы «TCG Piri Reis (S-330)» сүңгуір қайығы 2021 жылдың наурыз айында суға жіберілген еді.

Әуеден тәуелсіз қозғалу жүйесімен жабдықталған «Reis» класындағы сүңгуір қайықтар судың бетіне шықпастан апталар бойы су астында жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Шуы төмен навигациялық мүмкіндігі бар суасты қайықтары ұзақ уақыт бойы құпия түрде жұмыс істей алады. Сүңгуір қайықтардың ұзындығы 68 метр, салмағы 2 мың тоннадан асады және 40 адам сияды. 



Ұқсас жаңалықтар