Әскерлеріміз террристтерді түбегейлі жояды

Терроризммен күрес табандылықпен жалғасады.

1990535
Әскерлеріміз террристтерді түбегейлі жояды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ирак пен Сирияның солтүстігіндегі операциялардың тоқтамайтынын және бұл күрестің соңғы террорист залалсыздандырылғанға дейін жалғасатынын мәлімдеді.

Акар Кайсеридегі «Жастар мерекесі» жиналысында сөйлеген сөзінде ұлы және қуатты Түркия үшін күні-түні еңбек етіп жатқандарын білдірді.

Акар үлкен және қуатты Түркияға жету жолында алдарына түрлі кедергілер қойылғанын, сондай-ақ  бұл кедергілердің террор, ақпарат және экономикалық жолдарымен келгенін түсіндірді.

Хулуси Акар «Кедергі жасағандар мақсатына жете алмады. Батыста бейтарап болып көрінетіндер, баспасөздің принциптерін атқарғандарын алға тартқандар, «адам құқығы» деген сөзді аузынан тастамайтындар сайлау алдында бар уын таратты. Олар Түркияға қарсы тұрды. Бірақ жауабын алып,  масқара болды» деген сөздер қолданды.

Акар халықты 40 жылдан бері мазалап келе жатқан террор індетінен құтқаруға бел байлағандарын білдірді.

Акар «Әскерлеріміз террристтерді түбегейлі жояды. Террористтердің құтылатын жолы жоқ. Олар не өледі, не беріледі» деді.

Бөлшектеуші  террор ұйымы PKK-ның күйреуге аз қалғанын  түсіндірген Акар «Террористтер басшылары мен қожайындарынан көмек сұрап жатыр. Түрік Қарулы Күштерінің операцияларының тоқтатылуын сұрауда. Ирактың солтүстігінде де, Сирияда да операциялар тоқтамайды. Бұл күрес соңғы террорист залалсыздандырылғанға дейін жалғасады» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар