Чавушоғлу "Түрікеви" шабуылын бағалады

Чавушоғлу тікелей эфирде АҚШ-тағы «Түрікеви» ғимаратына жасалған шабуылды бағалады.

1990002
Чавушоғлу "Түрікеви" шабуылын бағалады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Түрікеви» (Түрік үйі) ғимаратына жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады.

Чавушоғлу «Тек Түрікеви үшін ғана емес, АҚШ-тағы басқа миссияларымыз үшін де қауіпсіздік шараларының қамтамасыз етілуін талап еттік» деді.

Чавушоғлу бір телеарнаның тікелей эфирінде АҚШ-тағы «Түрікеви» ғимаратына жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады.

Мевлүт Чавушоғлу шабуылдаушының әлі ұсталмағанын, фотосуреттері бар екенін және ұстау үшін қарқынды жұмыс жүргізілгенін түсіндірді.

Министр Чавушоғлу аймақта қосымша шаралар қабылданғанын, полиция бекеті құрылатынын және Нью-Йорк полиция көліктерінің аймақты бақылап отыратынын да тілге тиек етті. Шабуылдың әлі не үшін жасалғанының белгісіз екенін атап көрсеткен Чавушоғлу шабуылдаушы ұсталғанда мұның бәрінің айқындалатынын түсіндірді.

Шабуылдаушының саусақ ізінің шегежұлғыштың үстінде анықталғанын және бұл арқылы тезірек ұсталатынына сенгенін білдірген Чавушоғлу «Сыртқы істер министрлігінің Нью-Йорк полициясымен бірге бұл мәселені жіті қадағалап отырғанын көріп отырмыз. Соңғы жүргізілген жұмыстар туралы АҚШ-тың Түркиядағы елшісі (Джефф) Флейк хабарлама жариялады. Кейін біз телефон арқылы өзімен сөйлестік, оларға мұқият назар аударғандары үшін алғысымызды білдірдік» деді.

Чавушоғлу АҚШ-тың дипломатиялық өкілдіктерді қорғауға жауапты екенін атап «Бұл адам тезірек қолға түседі деп күтеміз. Біз тек «Турікеви» үшін ғана емес, АҚШ-тағы басқа миссияларымыз үшін де қосымша қауіпсіздік шараларын сұрадық. Әрі елшіміз, әрі сол жақтағы достарымыз, Анкарадан біздер бұл оқиғаны мұқият қадағалап отырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар