Чавушоғлу: Арменияның қателігін түзетуін күтеміз

Сыртқы істер министрі Арменияда ашылған «Немезис ескерткіші» наразылық көрсетті.

1989922
Чавушоғлу: Арменияның қателігін түзетуін күтеміз

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Арменияда ашылған «Немезис ескерткіші» туралы «Арменияда сарбаздарымыз бен дипломаттарымызды шейіт еткен террористтер үшін бір  мүсін орнатылуы қабылданбайтын қадам болды. Арменияның бұл қатені түзетуін күтеміз» деді.

Министр Чавушоғлу Анталиядағы мәлімдемесінде «Арменияда бұрын әзербайжандық бауырларымызды, Османлы мемлекеті кезінде сарбаздарымыз бен дипломаттарымызды шейіт еткен террористтер үшін бір  мүсін орнатылуы қабылданбайтын қадам болды»  деді.

Чавушоғлу «Біз де кейбір шаралар қабылдадық, үшінші елдерге ұшақтар үшін әуе кеңістігімізді жаптық. Арменияның бұл қателігін түзетуін күтеміз. Арменияға ешқандай алғышарт қойған жоқпыз. «Осы қолдан жасалған геноцид деген айыптаудан бас тартыңдар, осылай қадам жасаймыз» деп айтқан жоқпыз. Олар да бізге шарт қоя алмайды. Сіз де мұны таныңыз деп. Ақыры лаңкестердің мүсінін орнату – қабылданбайтын бір қадам. Біз де бұл бағытта бірқатар қарсы шаралар қабылдадық. Егер олар оны түзетпесе, біз қарсы шараларды іске қосамыз. Бірақ бұл жерде тұрақты бейбітшілік үшін Армения да шынайы болуы керек. Лачын дәлізіндегі арандатушылықтардан бас тарту керек. Қарабахқа заңсыз жолмен әскер немесе қару жіберу сияқты әрекеттер мен арандатушылықтан бас тарту керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар