Габар аймағында мұнай өндірісі жалғасуда

Шейіт Айбүке Ялчын-2 ұңғымасында бұрғылау жұмыстары басталды.

1989270
Габар аймағында мұнай өндірісі жалғасуда

Шырнактың Габар аймағында тәулігіне 100 мың баррель мұнай өндіруге бір қадам тағы жақындадық.

Шейіт Айбүке Ялчын-2 ұңғымасында бұрғылау жұмыстары басталды.

Осылайша өңірдегі күнделікті 100 мың баррель мұнай өндіру жұмысы ойдағыдай жалғасуда.

Ұңғымадағы жұмыстың шілде айының соңына дейін аяқталатыны межеленуде.

Түркия Мұнай корпорациясы да осы жылдың екінші жартысында аймақта жаңа барлау ұңғымаларын бұрғылайды.

Кен орнында 80-нен 100-ге дейін ұңғыма бұрғыланады деп жоспарлануда. Жаңа ашылымның құны миллиардтаған доллар екені білдірілді.

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Габардағы мұнайдың өте жоғары сапалы екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар