Венесуэлада "Түркия Республикасы даңғылы" ашылды

Каракастың тарихи даңғылдарының біріне «Түркия Республикасы даңғылы» деген атау берілді.

1988712
Венесуэлада "Түркия Республикасы даңғылы" ашылды

Венесуэланың бас қаласы Каракастың орталығында орналасқан және қаланың тарихи символға айналған даңғылдарының біріне «Түркия Республикасы даңғылы» деген атау берілді.

Түркия Республикасы даңғылының ашылуына Түркияның Венесуэладағы елшісі Наджи Айдан Караманоғлу, Венесуэла Сыртқы істер министрі Иван Гил, Каракас мэрі Кармен Мелендес, Венесуэлада тұратын түрік азаматтары мен көптеген мекеме өкілі қатысты.

Сыртқы істер министрі Гил Твиттердегі жеке аккаунтынан фотосуреттер бөлісіп «19 мамыр Ататүрікті еске алу, Жастар және спорт күні мерекесі аясында халықтарымыздың бауырластығын нығайтатын Түркия Республикасы даңғылын ашу шарасына елші Айдан Караманоғлумен бірге қатыстық» деді.

Бұл туралы Каракас мэрі Мелендес болса әлеуметтік желідегі аккаунтынан «Каракас қала орталығында Караманоғлу мырза және Сыртқы істер министрі Гил мырзамен Түркия Республикасы даңғылын ашып, екі елдің тарихына жаңа бір парақшаны бірге жаздық» деді.

Каракаста орналасқан Түркияның Венесуэладағы елшілігінен жасалған мәлімдемеде де «Боливар» алаңына апаратын даңғылдардың бірінің атауын «Түркия Республикасы даңғылы» деп өзгертілуі шешімін қуанышпен қарсы алынғаны атап көрсетілді.

19 мамыр Ататүрікті еске алу, Жастар және спорт күні мерекесімен тұспа-тұс келген рәсімнің маңыздылығына назар аударылған мәлімдемеде Түркия мен Венесуэла арасындағы ынтымақтастықтың жалғасатыны және жақын арада Каракаста Юнус-Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының да ашылатыны білдірілді.

Елші Караманоғлу Сыртқы істер министрі Гил мен Каракас мэрі Мелендезге қосқан үлестері үшін алғыс айтты.

Венесуэла баспасөзіндегі жаңалықтарда кең орын беріліп, екі ел арасындағы стратегиялық қарым-қатынастар мен бауырластық байланыстарға баса назар аударылды.



Ұқсас жаңалықтар