Бүкіл әлем Түркиядағы сайлауға назар аударуда

«Reuters» екі үміткердің де 50 пайыздық шектеуден өте алмағанын жеткізді.

1986520
Бүкіл әлем Түркиядағы сайлауға назар аударуда

Түркиядағы Президенттік және 28-ші кезекті парламенттік сайлауына бүкіл әлем назар аударуда.

Халықаралық ақпарат агенттіктері сайлауды «Соңғы жаңалықтар» деген тақырыппен бөлісуде. Хабарда сайлаушылардың жоғары белсенділігі де атап өтілді.

Ағылшын баспасөзі «SkyNews» «Сайлау жәшіктерінің шамамен 97 пайызы саналып бітті, додада  Режеп Тайып Ердоған 49,39 пайыз дауыспен алда» деді.

«BBC» арнасы «Президент Ердоған ел ордасы Анкарада сөйлеген сөзінде қажет болған жағдайда екінші турға дайын екендіктерін, бірақ әлі де жеңіске қол жеткізетіндеріне сенетіндерін айтты» деген сөздерге орын берді.

«Reuters» агенттігі хабарында дауыстарды санау жалғасып жатқан сайлауда екі үміткердің де 50 пайыздық шектеуден өте алмағанын жеткізді.

«Associated Press» ақпарат агенттігі де Ердоғанның сайлау екінші турға өткен жағдайда елдің шешімін құрметтейтіндерін айтқанын білдірді.

«France 24» БАҚ оқырмандарымен сайлаудың екінші турға қалуымен бөлісті.

Орталығы Катарда болған  «Al Jazeera» телеарнасы «Дауыс берудің алғашқы нәтижелері Ердоғанның қарсыласынан алда екенін көрсетуде» деп көрсетті.

Америкада шығатын  «The New York Times» газеті 5 миллион жас сайлаушының алғаш рет сайлауға қатысқанын баса айтты.

Италияның «ANSA» ақпарат агенттігі сайлауға қатысудың жоғары болуына назар аударды.

«Middle East Eye» газеті болса сайлаудың екінші турға өтуі күтілетінін жазды.

«The Guardian газеті» Ердоғанның мәлімдемелерін оқырмандарымен бөлісті. Газет Ердоғанның «Сайлау нәтижелерінің әлі нақтыланбауы ұлтымыздың таңдауының біз жақта екені анық екенін өзгертпейді» деген сөздеріне орын берді.

Швецияда шығатын «Dagens Nyheter» газеті де қатысушының рекордтық деңгейде екенін атап өтті.

Қытайдың «Шинхуа» ақпарат агенттігі «Түркиядағы Президенттік сайлаудың екінші турға өтуі ықтимал» деген тақырып қолданған.

Мемлекеттік «CCTV» телеарнасы да Ердоғанның президент сайлауда қарсыласы Кемал Кылычдароғлудан басымдыққа ие болғанын баса айтты.

Жапонияның мемлекеттік телеарнасының интернет сайтында екі көшбасшының 28 мамырда тағы да бәсекеге түсетіні хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар