Түркияда президенттік және парламент сайлауы басталды

Түркияда президенттік және парламент сайлауы үшін дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 08:00-де басталды.

1986046
Түркияда президенттік және парламент сайлауы басталды

Дауыс беру мерзімі 17:00-де аяқталады. Бүгін ел көлемінде 60 миллион 697 мың 843 сайлаушы дауыс береді.

Шетелдегі өкілдіктерде дауыс беру процесі 9 мамыр күні аяқталды. Тіркелген сайлаушылардан дауыс бере алмағандар кеден қақпаларына барып 17.00-ге дейін дауыс бере алады.

Президенттік сайлауда Режеп Тайып Ердоған, Мухаррем Инже, Кемал Кылычдароғлу және Синан Оган  бәсекеге түсті.

Алайда үміткерлердің бірі Мухаррем Инже 11 мамыр күні кандидаттықтан бас тартқанын жариялады. Сайлау бюллетеньдерін басып шығару және тарату жұмыстары аяқталғандықтан, Инженің есімі бюллетеньдерде орын алады.

28-ші кезең Парламент мүшелерін анықтау үшін өтетін жалпы сайлауға Түркия бойынша 24 саяси партия мен депутаттыққа үміткер 151 адам жарысады.

Сайлаушылар президент пен депутаттар үшін өздері таңдаған екі бөлек бюллетеньді бір конвертке салып, жәшікке тастайды.

Президенттікке кандидаттардың ешқайсысы абсолютті көпшілік дауыс жинай алмаса, 28 мамыр күні президенттік сайлаудың екінші туры өтеді.



Ұқсас жаңалықтар