Президент Ердоған "Аналар күнімен" құттықтады

Президент әлеуметтік желідегі аккаунтынан «Аналар күніне» орай құттықтау жариялады.

1986167
Президент Ердоған "Аналар күнімен" құттықтады
Emine erdoğan.JPG
mustafa sentop.jpg
erdogan.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған «Аналар күнімен» құттықтады.

Президент Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан «Аналар күніне» орай құттықтау жариялады.

Ердоған «Шейіт аналарынан бастап, шексіз махаббаттың, мейірім мен мархабаттың белгісі болып табылатын барша аналарымызды құттықтаймын» деді.

Президент өмірден өткен аналарға Алланың рақымын тіледі.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп болса аналар күніне орай әлеуметтік желідегі парақшасынан жариялаған хабарламасында «Әлемдегі әр баланы өз перзентіндей көріп, бұл сезімді ұстанатын ерекше жүректерге ризашылығымды білдіргім келеді» деді.

Президент Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған болса әлеуметтік желідегі аккаунтынан жүректерді шырақтай дұғасымен қорғап, ар-ұжданымен жарытатын аналардың мейірімінің бүкіл әлемге жететінін мәлімдеді.

Өз анасын Алланың рақымын тілеген Эмине Ердоған шейіт аналарына қоса перзентін аңсап жүрген барлық аналарды құрметпен еске алғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар