Түркияның Судандағы елшілік қызметкерлері көшірілді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Судандағы елшілігі қызметкерлерінің Порт-Суданға көшірілгенін білдірді.

1985315
Түркияның Судандағы елшілік қызметкерлері көшірілді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Судандағы елшілігі қызметкерлерінің Суданда 15 сәуірден бері жалғасып жатқан қақтығыстарға байланысты бүгін Порт-Суданға жеткізілгенін айтты.

Чавушоғлу жеке бір телеарнаның тікелей эфирінде қонақ ретінде күн тәртіпті бағалап, сұрақтарға жауап берді.

Судандағы қақтығыстардың қазір көше соғысына айналғанын айтқан Чавушоғлу Түркияның Судандағы елшілігі орналасқан маңай мен көшеде қатты қақтығыстардың болғанын хабарлады.

Чавушоғлу елшілікті уақытша Порт-Суданға көшіру туралы шешім қабылдағандарын және елшілік қызметкерлерінің бүгін Порт-Суданға жеткенін білдірді.

6 мамырда тасымалдауға дайындық кезінде елшілік көлігіне оқ жауып, көлікке көп оқ тигенін еске салған Чавушоғлу:

"Олар ауыр күшті қаруларды қолданып көрді. Біздің ұшағымызға шабуыл жасалды. Негізі бұл жерде біз тараптар емеспіз, екі жақ та бізді сыйлайды, алайда бізді бұл іске басқа күштер араластырғысы келетін сияқты. Мұнда батыстықтар бар. Сонымен қатар тарап болған аймақтық елдер де бар » деді.



Ұқсас жаңалықтар