Түркия үлкен табыстарға қол жеткізді

Режеп Тайып Ердоған Түркияның қазір жаһандық мықты күшке айналғанын айтты.

1985371
Түркия үлкен табыстарға қол жеткізді

Президент,  Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған Түркияның қазір өндірісімен, жұмыспен қамтылуымен және экспортымен жаһандық мықты күшке айналғанын айтты.

Анкараның Пурсактар ауданында  партиясының митингісінде халыққа үн қатқан Ердоған елдің байлығының өндірісте екенін айтты.

Түркияның қазір өндірісімен, жұмыспен қамтылуымен, экспортымен аймақтық мықты күшке айналғанын түсіндірген  Ердоған әлемде жаңа типтегі коронавирус індетінде өндіріс үзілгенімен, Түркияның тіпті көп өндіргенін және экспорттың тоқтамағанын айтты.

Президент «Ресей-Украина соғысы жаһандық дағдарысқа айналғанда, біз дипломатиялық жағынан да, экономикалық тұрғыдан да үлкен табыстарға қол жеткіздік. Біз энергетикада, өнеркәсіпте, экспортта қол жеткізген табыстарымыздың арқасында әлемдегі болып жатқан оқиғаларды өз пайдамызға бұра алдық» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар