Ердоған Судан Егемендік кеңесі төрағасымен сөйлесті

Ердоған Судан Егемендік кеңесі төрағасы Абдулфеттах Абдуррахман әл-Бурханмен  телефон арқылы сөйлесті.

1984228
Ердоған Судан Егемендік кеңесі төрағасымен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Судан Егемендік кеңесі төрағасы Абдулфеттах Абдуррахман әл-Бурханмен  телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда президент Ердоған телефондағы әңгімеде Судандағы ағайындық шайқаста қаза тапқандар мен жараланғандардың артуына қайғырып, алаңдаушылық білдірді.

Егер жан-жақты келіссөздерді бастауға шешім қабылданса, тараптардың келіссөздерді өткізуге дайын екенін түсіндірген Ердоған Судан халқының шұғыл гуманитарлық қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымымен байланыста болып, күш-жігерлерін жалғастыратындарын білдірді.

Әңгіме барысында Судандағы түрік азаматтарының эвакуациялануы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелер де талқыланды.

Елде армия мен Жедел қолдау күштері арасында бір айға жуық уақытқа созылған қақтығыстарда жүздеген адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар