"Еуропаға газ жолдай бастадық"

Чавушоғлу Әзербайжаннан келетін Транс Анадолы табиғи газ құбырының қуатын екі есеге арттыруды мақсат еткендерін айтты.

1983935
"Еуропаға газ жолдай бастадық"

Түркия Еуропаға табиғи газ жеткізе бастады.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Анталияда мәлімдеме жасады.

Түркияның газ саудасында маңызды елге айналғанын атап көрсеткен Чавушоғлу «Еуропаға, әсіресе Шығыс Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Еуропа және Балқан елдеріне табиғи газ жеткізуді бастадық» деді.

Чавушоғлу Әзербайжаннан келетін Транс Анадолы табиғи газ құбырының қуатын 16 миллиардтан 32 миллиард текше метр болған екі есеге арттыруды мақсат еткендерін атап көрсетті.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу:

«Бұл 5-6 жылға созылады. Бізде сұйытылған табиғи газдың 5 терминалы бар. Америка мен Оман елдерімен де келісімшартқа отырдық. Біз сұйытылған табиғи газды Алжирден, Нигериядан және 15 елден танкермен әкелеміз. Оны терминалдарда газға айналдырып, газ саудасын және құбыр арқылы экспорттауды бастадық» деп көрсетті.

Чавушоғлу Түркияның газ саудасында қазірдің өзінде маңызды елге айналғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар