Ердоғаннан "энергетикалық инвестиция" хабарламасы

Президент Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан хабарлама жасады.

1983527
Ердоғаннан "энергетикалық инвестиция" хабарламасы

Президент Режеп Тайып Ердоған соңғы кезеңде жүзеге асырылған энергетикалық инвестициялар туралы әлеуметтік желідегі аккаунтынан хабарлама жасады.

Президент Ердоған Твиттердегі аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде «Қаратеңіздегі табиғи газымыз, Габарда табылған мұнайымыз, Конияда салған еліміздің ең үлкен күн электр станциямыз және Аккую Атом энернгия станциясы сияқты жобаларымызбен шетелге жұмсалатын 100 миллиард долларлық энергия шығынымыз енді ұлтымыздың қоржынында қалады» деді.

Бұл ақшаның инвестиция, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау ретінде халықтың қалтасына түсетінін атап көрсеткен Ердоған мұның тетіктерін қазірден-ақ құра бастағандарын білдірді.

Президент Ердоған кеше де Мерсин қаласында халыққа үн қатты. Ердоған осындағы сөзінде «Қаратеңіз аймағындағы газдың бір бөлігін тыңайтқыш өндірісінде пайдалану арқылы егіншілердің бұл тақырыптағы сұраныстарын қамтамасыз етеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар