Фуат Октай III Карлдың тәж кию салтанатына қатысты

Вице-президент Фуат Октай Вестминстер аббаттығы шіркеуіндегі тәж кию салтанатына қатысты.

1983530
Фуат Октай III Карлдың тәж кию салтанатына қатысты

Вице-президент Фуат Октай мен жұбайы Хумейра Шахин Октай кеше Карл III-тің корольдік тәж кию салтанатына қатысты.

Октай мен жұбайы Вестминстер аббаттығы шіркеуіндегі тәж кию салтанатына Түркия атынан қатысу үшін Ұлыбританияның бас қаласы Лондонға барды.

Вице-президент Фуат Октай әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламада «Біз Ұлыбритания королі Карл III-тің тәж кию салтанатына қатыстық. Корольді, корольдік отбасын, ағылшын халқы мен үкіметін құттықтаймын және Түркия мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастардың жаңа кезеңде нығая түсетініне сенемін» деді.

Король Карл III-тің тәж кию салтанатына кеше корольдік отбасы мүшелеріне қоса әлемнің түкпір-түкпірінен келген  мемлекет басшылары, танымал тұлғалар мен қайырымдылық мекемелерінің өкілдерінен бастап, 2200-ден астам қонақ қатысты.



Ұқсас жаңалықтар