Чавушоғлу Түркияның Судандағы елшісіне жасалған шабуыл туралы мәлімдеді

Чавушоғлу: "Елшілігімізді Порт-Суданға уақытша көшіру туралы шешім қабылдадық".

1983531
Чавушоғлу Түркияның Судандағы елшісіне жасалған шабуыл туралы мәлімдеді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Судандағы елшісі Исмаил Чобаноғлуның көлігіне жасалған қарулы шабуыл туралы «ешбір бауырымыз, елшіміз немесе қауіпсіздік күштеріміз бен арнайы жасақтарымыз кез-келген жарақат алмады» деді.

Чавушоғлу кеше жасаған мәлімдемесінде Судандағы Армия мен Жедел қолдау күштері (ЖҚК) арасындағы қақтығыстардың Түркия елшілігі орналасқан көше мен айналасында күшейіп жатқанын білдірді.

Министр Чавушоғлу «Әріптестеріміздің қауіпсіздігі үшін Судан үкімет күштері кеңесімен елшілігімізді Порт-Суданға уақытша көшіру туралы шешім қабылдадық. Достарымыз қажетті материалдарды Порт-Суданнан алып шығар кезде шабуыл жасалды. Елшіміз Исмаил Чобаноғлу алдын ала әрі армиямен, әрі Жедел қолдау күштерімен хабарласты. Тіпті сол жерге жеткенше тараптар көмектесті. Бірақ көшеге кірген кезде шабуыл жасалды. Әрине осында біздің арнайы жасақтарымыз да бар еді. Ешбір бауырымыз, елшіміз немесе қауіпсіздік қызметкерлері мен арнайы жасақтарымыздан кез-келген жарақат алған жоқ, тек көліктерге зиян келді.

Енді мұны жасаған кім? Неліктен шабуыл жасалды? Әрине екі жақпен де анықтау мақсатты келіссөз жалғасуда» деді.

Чавушоғлу елші Чобаноғлумен телефон арқылы сөйлескенін атап «Достарымыз бірден ол жерден шығып кетті. Олар қауіпсіз аймаққа өтті. Бұл жерден достарымызды алып, елшілігімізді Порт-Суданға уақытша көшіреміз. Егер осында елге қайтып оралғысы келетін азаматтарымыз болса, бұрын қалай қауіпсіз эвакуациялаған болсақ, ең қолайлы жолдан Түркияға қайтадан аман-есен әкелерміз» деді.

Кеше Түркияның Судандағы елшісі Чобаноғлуның керуеніндегі елшілік көлігіне шабуыл жасалған, оқиғада ешбір адамға зиян келмеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар