Ердоған Габар аймағында табылған мұнайға тоқталды

Ердоған Шырнактағы Габар аймағының бұдан былай террордың орнына мұнай байлығымен есте қалатынын айтты.

1983271
Ердоған Габар аймағында табылған мұнайға тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған Шырнактағы Габар аймағының бұдан былай террордың орнына мұнай байлығымен есте қалатынын айтты.

Вандағы митингте сөз сөйлеген президент Ердоған Шырнактың  Габар аймағында табылған мұнайға тоқталды.

Ердоған «Бұдан былай Габар лаңкестікпен еске алынбайды, Габар мұнай байлығымен есте қалады» деді.

Ердоған Ванды террор ұйымының шабуылынан құтқарғандарын білдірді.

Ердоған «Әрі бұл қалада тұратын адамдардың, әрі саяхат үшін келгендердің тыныштығын сақтадық.  Бұдан кейін ешкім сізді мазасыз ете алмайды» деген сөздер қолданды.

Ердоған 2 мамыр күні Конияда жасаған мәлімдемесінде Шырнактағы Габардан тәулігіне 100 мың баррель мұнай тапқандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар