13 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ирак пен Сирияның солтүстігінде үш күнде 13 террористтің залалсыздандырылғанын айтты.

1983169
13 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ирак пен Сирияның солтүстігінде үш күнде 13 террористтің залалсыздандырылғанын айтты.

Акар Кайсеридегі мәлімдемесінде терроризммен күреске тоқталды және түрік әскерлерінің Түркияның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін күрескенін және күресті жалғастыратынын атап айтты.

Акар Ирактың солтүстігіндегі террор ұяларының террористермен бірге күйрегенін, Сирияның солтүстігінде құрылуы жоспарланған террор дәлізінің талқандалғанын, террористтердің қазған шұңқырларға көмілгенін білдірді.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар:

"Террор біткен жоқ, бейғамдыққа салынуға, жеңіске мас болуға және асқақтауға болмайды. Күрес бұрынғыдай табандылықпен және берік сеніммен, мықты қарқынмен жалғасуда. Кеше түнде жүргізілген операцияларда тағы 5 террорист залалсыздандырылды. Осылайша  Солтүстік Ирак пен Сириядағы үш күнде 13 террорист залалсыздандырылды» деді. 



Ұқсас жаңалықтар