Акар террормен күресте табандылыққа назар аударуы

Сирияның солтүстігінде PKK/YPG-лік 8 террорист залалсыздандырылды.

1982746
Акар террормен күресте табандылыққа назар аударуы

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Кайсериде азаматтармен бас қосты. Акар терроризммен күрес туралы мәлімдеме жасады.

2015 жылдың 24 шілде күнінен бері террормен тиімді күресіп жатқандарын атап көрсеткен Акар «Сол күннен бері 37 мың 793 террорист залалсыздандырылды. Олардың баспаналары, үңгірлері, індері бастарына опырылды және жойылуды жалғастыруда.

Кешке қарай 8 террорист залалсыздандырылды. Соңғы 10 күнде залалсыздандырылған террорист саны 50-ге жетті» деді.

Акар террормен күрестің табандылықпен жалғасатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар