Айвалықта 6 босқын құтқарылды

Балыкесирдің Айвалык ауданы жағалауында суға батқан қайықтағы 6 тұрақсыз босқын құтқарылды, бір кісінің мәйіті табылды.

1982716
Айвалықта 6 босқын құтқарылды

Балыкесирдің Айвалык ауданы жағалауында суға батқан қайықтағы тұрақсыз мигранттардың алтауы құтқарылып, бірінің жансыз денесі табылды.

Грекия жағалау қауіпсіздігі тарапынан Айвалык жағалауындағы түрік аумақтық суларына кері қайтарылған тұрақсыз босқындар отырған қайықтың суға батқаны анықталды.

Жағалау Қауіпсіздік қолбасшылығына қарасты қайықтар, сүңгуірлер тобы және тікұшақ шұғыл түрде аймаққа жіберілді.

Аймаққа келген Жағалау Қауіпсіздік қолбасшылығына қарасты қызметкерлер тұрақсыз босқынның жансыз денесін тауып, бір баламен бірге 6 кісіні құтқарды. 

Құтқарылған босқындар емделе бастады.

Хабар алынбаған бір әйел мен сәбиді іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Оқиғаға қатысты тергеу басталды.



Ұқсас жаңалықтар