Ердоған: "Джуди-Габар аймағында мұнай таптық"

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Конияда жаппай ашылу рәсімінде халыққа үн қатты.

1981958
Ердоған: "Джуди-Габар аймағында мұнай таптық"

Президент Режеп Тайып Ердоған «Мен сіздермен жаңалық бөліскім келеді. Джуди-Габар аймағында көлемі тәулігіне 100 мың баррельді құрайтын мұнай таптық» деді.

Кеше Конияда сөйлеген сөзінде Президент құрлықта жасалған ең үлкен 10 жаңалықтың бірін өткен жылы ашқандарын атап, «Еліміздің осыдан 5-6 жыл бұрын тәулігіне шамамен 40 мың баррель болатын өндірісін екі есе арттырып, тәулігіне 80 мың баррельге жеткіздік.

Мен сіздермен жаңалық бөліскім келеді. Джуди-Габар аймағында көлемі тәулігіне 100 мың баррельді құрайтын мұнай таптық. Джиреден 20 шақырым жерде орналасқан бұл мұнай резервінің сапасы өте жоғары.

Біз 2 мың 600 метр тереңдіктен тапқан мұнайды өңірде бұрғылайтын 100 ұңғыма арқылы 100 мың баррельге дейін ұлғайта аламыз. Бірінші ұңғымадан шығарылған мұнайды өңдеу үшін зауыттарға жөнелту жұмыстарын бастадық. Күнделікті тұтынуымыздың оннан бір бөлігін бір өзі қамтамасыз ететін бұл мұнай қоры еліміздің, ұлтымыздың игілігіне болары сөзсіз» деді.

Сол аймақтан жаңа сүйіншілер күткендерін атап көрсеткен Ердоған «Габардағы құдығымызға террор ұйымы тарапынан жауыздықпен шейіт етілген жас мұғалім Айбүке Ялчынның есімін бердік. Аталмыш аймақта алдында ашқан және күніне 9 мың баррель мұнай өндіретін екінші ұңғымаға болса жарылғыш заттар маманы кіші офицер, шейіт Есма Чевиктің атын берген болатынбыз. Біздің жаңа кен орнымыз, «шейіт Айбүке Ялчын-1» ұңғымасы орналасқан аймақ иншалла бүкіл елде өндірілетіннен көп мұнай өңдейді.

Осылайша әзірге күнделікті 180 мың баррель мұнай өндірумен еліміздің энергетикалық тәуелсіздігіне жаңа қадам бастық. Біз әлі резервтеріміздің жалпы құны туралы айтып жатқан жоқпыз. Әйтпесе Габардағы жаңа ашқан мұнайдың құны миллиардтаған долларды құрайды. Қаратеңіз газының құны ғана жүздеген миллиард долларды құрайтын көрінеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар