Фатих Дөнмез Габардан жақсы хабар берді

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Шырнактың Габар аймағындағы мұнай барлау жақсы нәтиже бергенін айтты.

1981423
Фатих Дөнмез Габардан жақсы хабар берді

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Шырнактағы Габар аймағындағы мұнай ұңғымаларында жүргізілген жұмыстардың жақсы нәтиже бергенін айтты.

Ескишехирде журналистерге мәлімдеме жасаған Дөнмез соңғы жылдары теңізде де, құрлықта да көмірсутегі барлау және зерттеу жұмыстарын мықты қарқынмен жалғастырғандарын білдірді. 

2022 жылы Қаратеңізде үлкен жаңалық ашқандарын атап көрсеткен Дөнмез Адана Чукурова мен Шырнактың Габар аймағында құрлықта мұнай табылғанын еске салды.

Габарда бұрғылау жұмыстары шамамен екі айдың алдында басталғанын айтқан Дөнмез:

«Бұрғылау және ұңғымаларды бағалау жұмыстары аяқталуға жақын. Бастапқы бағалаулар жақсы нәтиже берді» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар