ДАИШ басшысы әл-Куреши залалсыздандырылды

Ұлттық Барлау ұйымы ДАИШ террор ұйымының ауыз жүзіндегі  басшысы Әбу Хусейн әл-Хусейни әл-Курешидің үйіне операция жасады.

1981417
ДАИШ басшысы әл-Куреши залалсыздандырылды
mit deas kureysi operasyon.jpg
mit deas kureysi operasyon1.jpg

Ұлттық Барлау ұйымы Сирияның солтүстігінде залалсыздандырған ДАИШ террор ұйымының ауыз жүзіндегі  басшысы Әбу Хусейн әл-Хусейни әл-Курешидің ұсталатынын білген кезде бомбаны жарып, жанын қиғаны білдірілді.

Қауіпсіздік көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда үнемі мекен ауыстырып жүрген «ДАИШ-тың жаңа халифасы» деп аталған әл-Хусейни әл-Куреши лақапты террористің Сирияның солтүстігіндегі Африн-Синдересте екенін және жақында қоныс аударатыны хабарын алған барлау ұйымының арнайы тобы 29 сәуірде террорист тұрған  үйге құпия операция жасады.

Жер астында жасырын баспанасы бар үйге жасалған операцияда Куреши «берілу» шақыруына жауап бермеген.

Осыдан кейін Барлау ұйымы тобы алдымен үйдің бақша қабырғасын, содан кейін артқы кіреберіс есіктері мен үйдің іргесін жару арқылы ғимаратқа кірді. Ұсталатынын аңғарған Куреши жанкешті бомба қойылған кеудешесін жарып жіберді.

Шамамен төрт сағатқа созылған операцияда Барлау ұйымы арнайы операция тобы мен бейбіт тұрғындардың зардап шекпегені хабарланды.

2013 жылы ДАИШ террор ұйымына қосылған Әбу Хусейн Әл Хусейни әл-Куреши аз уақытта ұйым ішінде жоғары міндеттерге көтерілген.

Террорист 2022 жылдың 30 қарашасында ДАИШ-тың бұрынғы басшысы Әбу Хасан әл-Кураши өлтірілгеннен кейін жаңа халифа деп жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар