Министр Акар террормен күреске тоқталды

Акар: «Террористердің алдында екі жол бар, не өледі, не болмаса беріледі».

1981268
Министр Акар террормен күреске тоқталды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар терормен күресте «Зап, Габар және Гара» аймақтарына баса назарды.

Кайсериде өткен бір іс-шарада қатысқан Хулуси Акар жасаған мәлімдемеде террормен күреске тоқталды.

Акар PKK/YPG, FETÖ және ДАИШ сияқты қаншама террор ұйымы болса да күрестің табандылықпен жалғасып жатқанын, сол себепті террористердің дүрбелеңде екенін айтты.

Түрік әскерінің террористердің әрдайым ізінде екенін атап айтқан Акар «Әскеріміз қазір Зап, Габар және Гара аймақтарында террористерге тыныс алдырмайды. Террористердің баспана және үңгірлері бастарында қирайды» деді.

Террористер «ешкім кіре алмайды, шыға алмайды» деп атаған әрбір жерге түрік әскерінің басып кіргеніне назар аударған министр Акар Сирияның солтүстігінде құруға тырысқандары террор дәлізіне де түрік әскері тарапынан үлкен соққы енгізілгенін еске салды.

Ирак пен Сириядан бастап Түркияның барлық көршілерінің егемендік құқығы мен шекара тұтастығын құрметтегенін атап көрсеткен Акар «Террористердің алдында екі жол бар. Не өледі, не болмаса түрік әділетіне беріледі. Басқа амалдары жоқ» деді.



Ұқсас жаңалықтар