Ердоған 1 мамыр Еңбек және ынтымақ күнімен құттықтады

Президент Ердоған: «Түрік ғасырын бірге саламыз» деді.

1981320
Ердоған 1 мамыр Еңбек және ынтымақ күнімен құттықтады
erdogan.jpg
erdogan 1 mayis paylasim.jpg

Президент Ердоған "1 мамыр Еңбек және ынтымақ күніне" орай құттықтау жариялады.

Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламада кеме капитаны ретінде күн көретін бір әкенің баласы екенін еске салды.

Жастық кезінде Стамбулда жұмысшы болып істегенін айтқан  Ердоған «Еңбектің, маңдайдағы тердің құнын, достарымен жылы нанды бөліп жеудің дәмін өте жақсы білемін. Саясат арқылы елге қызмет ету күресінде өз тамырымызды, қайдан шыққанымызды ешқашан ұмытқан емеспіз. Әрқашан сіздің құқықтарыңызды қамтамасыз етуге тырыстық. Жылдар бойы лайықты баға берілмеген "1 мамыр Еңбек және ынтымақ күні" мерекесін сіздер үшін демалыс деп жариялап, нағыз еңбек күніне айналдырдық» деді.

Кәсіподақ құқығы, үйлестіру, жалақыға қоса жұмысшы денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыптарында өте маңызды қадамдар басылғанын атап көрсеткен Ердоған «Не істесек, сізбен бірге істедік, бірге жетістіктерге жеттік, ауыртпалықтарды сіздермен көтердік. Енді "Түрік ғасыры" бағдарламасын да бірге жүзеге асырамыз» деді.

Президент Ердоған жұмысшыларды "1 мамыр Еңбек және Ынтымақ күнімен" құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар