Суданда Түркияның әскери эвакуациялау ұшағына шабуылдады

Ұлттық қорғаныс министрлігі «С-130» әскери эвакуациялау ұшағына жеңіл қарумен шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

1980466
Суданда Түркияның әскери эвакуациялау ұшағына шабуылдады
akar.jpg

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар қақтығыстар орын алған Суданнан түрік азаматтарын эвакуациялау үшін Түрік Қарулы күштеріне тиесілі екеуі «A400M», барлығы 5 әскери эвакуациялау ұшағының жіберілгенін мәлімдеді.

Суданда армия мен Жедел қолдау күштері (ЖҚК) арасында жалғасқан қақтығыс пен Түрік азаматтарын эвакуациялау мәселесі бойынша қойылған бір сұраққа Акар "Суданда топтар арасында әртүрлі қақтығыстар болуда" деп жауап қайтарды.

Осы қақтығыстардан туындаған қауіпті жағдайларға назар аударған Акар «Осы жағдайға байланысты біз Сыртқы істер министрлігімен Суданда тұратын азаматтарымызды эвакуациялау жоспарын жасап, оны жүзеге асыруға кірістік. Кейбір азаматтарымыз Эфиопия арқылы эвакуацияланды» деді.

Эвакуациялауды қажет ететін орындар үшін іс-шаралардың әлі де жалғасып жатқанын айтқан Акар «Азаматтарымызды Түркияға эвакуациялау үшін 5 ұшақ тағайындалды. 3 C-130 ұшағымен Хартумның солтүстігіндегі Вади Сайиднадан 210 азаматымызды эвакуациялау шараларын жалғастырудамыз. Екінші жағынан, «A400M» 2 ұшақты Порт-Суданға қондырдық. Онда 250 азамат бар екені білдірілді. Осы ұшақтардың бірі Порт-Судан әуежайынан жақын арада азаматтарымызды алып ұшады» деді.

Ұшақтардың жөнелуін мұқият қадағалағандарын атап көрсеткен Акар «Азаматтарымызды Түркияға эвакуациялау ертең кешкі уақытқа дейін аяқталады» деді.

Министр Акардың мәлімдемелерінен кейін кеше кешкісін Порт-Суданнан аттанған Түрік Қарулы күштерінің «A400M» эвакуациялау ұшағы Түркия уақытымен сағат 02:30-де Стамбул әуежайына келіп қонды.

Эвакуацияланған 170 түрік азаматы Түркияға оралғандарына қуанышты екендіктерін білдірді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) болса қақтығыстар жалғасып жатқан Суданда қамаудағы түрік азаматтарын эвакуациялау жұмыстарының жалғасып жатқанын, бірінші топтың Түрік Қарулы күштеріне тиесілі ұшақтармен елге аман-есен оралғанын хабарлады.

Министрліктің Твиттер аккаунтынан жасалған хабарламада «Эвакуациялау операциямыз барлық азаматтарымыз елге оралғанша үздіксіз жалғасады» делінді.

ҰҚМ сондай-ақ Суданда қалған түрік азаматтарын эвакуациялау үшін елге бара жатқан «C-130» әскери эвакуациялау ұшағына жеңіл қарулармен шабуыл жасалғанын білдірді.

ҰҚМ-нен жасалған мәлімдемеде «Қақтығыстар жалғасқан Судандағы азаматтарымызды эвакуациялау қызметі үшін Вади Сайиднаға бара жатқан «С-130» әскери эвакуациялау ұшағымызға жеңіл қарумен шабуыл жасалды. Ұшағымыз аман-есен әуежайға қонды. Қызметкерлерімізде зардап шеккендер болмаса да, ұшақтарымызда қажетті техникалық жұмыстар жүргізілуде» делінді.



Ұқсас жаңалықтар