Алтун: "Түркия жаһандық ынтымақтастықтың сахнасына айналды"

Фахреттин Алтун Жапониядағы панельге бейне хабарлама жолдады.

1980672
Алтун: "Түркия жаһандық ынтымақтастықтың сахнасына айналды"

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Жапонияның бас қаласы Токиода  басқарма тарапынан ұйымдастырылған «Табиғи апаттарда дағдарыс ақпаратын басқару және қоғаммен байланыс» тақырыпты панелге бейне хабарлама жолдады.

Түркияда 6 ақпан күні орталығы Кахраманмараш болған 7,7 және 7,6 балдық екі үлкен жер сілкінісі болғанын түсіндірген Алтун ауырлығы жағынан «ғасыр апаты» деп аталған бұл апат салдарынан 14 миллионнан астам азамат зардап шегіп, 50 мыңнан астам адамның қайтыс болғанын еске салды.

Алтун «Тарихта сирек кездесетін осынау үлкен апат алдында әлемге үлгі болған мемлекет пен ұлт ынтымағын паш еттік. Түрік ұлтын ерекше және жеңілмейтін ететін осы ынтымақтастық санасының арқасында біз бұл қиын күндерді еңсеріп жатырмыз» деді.

Алтун «Гуманитарлық дипломатия саласында әлемде басшылық рөл атқарған және дағдарыс аймақтарында мұқтаждарға әрдайым жәрдем қолын созған Түркия "ғасырдың апаты" кезінде үлгі боларлық жаһандық ынтымақтастықтың сахнасына айналды.

Аталмыш жәрдем шақыруына әлемнің 100-ден астам елі көмегін ұсынды. Жер сілкінісі аймағында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарына араларында Жапония да бар 90-ға жуық елден 10 мыңнан астам қызметкер қолдау көрсетті.

Бұл халықаралық коалиция апат аймақтарында жұмыс істейтін 200 мыңнан астам төтенше жағдай қызметкерімен қазірге дейінгі ең ауқымды іздеу-құтқару операциясын жүргізді» деді.

Алтун Түркия мен Жапония арасындағы 1,5 ғасырға жақындаған достық қарым-қатынастардың күн өткен сайын нығайып келе жатқанына назар аударып, «Эртуғрул фрегаты» апатынан кейін құрылған бұл мызғымас байланыстың ынтымақ қадамын әр салада көргенімізге қуаныштымыз. Гуманитарлық жәрдем шараларымен қысым көрген аймақтар үшін үміт ұшқынына айналған «алыс» теңіздердің «жақын» елдері арасындағы бұл достық берік іргетаспен қалыптасқан.

Әсіресе дағдарыс кезінде екі елдің бір-біріне созған көмек қолы осы жағынан өте құнды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жер сілкінісінің бірінші күнінен бастап бізбен бірге болған Жапонияға әрі іздестіру-құтқару топтары, әрі көрсеткен заттай және ақшалай көмектерімен бізді жалғыз қалдырмаған Жапония халқына алғысымды білдіргім келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар