Министр Анталияда шетелдіктермен бас қосты

Чавушоғлу Анталияда биыл бірінш ірет өткізілген «Анталияға қоныс тепкен шетелдіктердің үкіметтік емес ұйымдарының конференциясына» қатысты.

1980074
Министр Анталияда шетелдіктермен бас қосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу қиыншылыққа ұшырағандардың жанында болатындарын айтып, «Әрқашан жақсылық пен бейбітшілікті қолдадық. Оның пайдасын 6 ақпан күнгі жер сілкінісінде көрдік» деді.

Чавушоғлу Анталияда биыл бірінш ірет өткізілген «Анталияға қоныс тепкен шетелдіктердің үкіметтік емес ұйымдарының конференциясына» қатысты. Әлемнің түкпір-түкпірінен 26 түрлі ұйым өкілдері орын алған конференцияда сөз сөйлеген министр Анталиядағы дос және бауырлас елдердің азаматтарының тату-тәтті өмір сүріп жатқанын атап көрсетті. Министр сыртқы саясатта Түркияның аймағы мен жаһандық деңгейдегі мәртебесіне назар аударды. Тұрақтылық пен бейбітшілік үшін жұмыстар туралы мәлімет берді.

Артынан министр қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп,  тілектерін тыңдады.



Ұқсас жаңалықтар