Түрік Әуе Күштері Босфорда өнер көрсетті

Ұлттық Қорғаныс министрлігі сәлемдесу рейсімен ұшқан Түрік Әуе Күштерінің соғыс ұшақтарының фотосуреттерімен бөлісті.

1979659
Түрік Әуе Күштері Босфорда өнер көрсетті
thk istanbul selamlama ucusu.jpg
thk istanbul selamlama ucusu1.jpg
thk istanbul selamlama ucusu2.jpg
thk istanbul selamlama ucusu3.jpg

"TEKNOFEST" аясында Түрік Әуе Күштері Стамбул аспанында сәлем беру мақсатымен ұшты.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі сәлемдесу рейсімен ұшқан Түрік Әуе Күштерінің соғыс ұшақтарының фотосуреттерімен бөлісті.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі әлеуметтік медиа желісінде: «ТЕКNOFEST 2023 аясында Әуе Күштері ұшағымыздың Босфор бұғазы үстінде сәлем беру мақсатындағы ұшуының әдемі фотосуреттері» деп жазылды.

Бөлісілген фотосуреттерде Босфор бұғазы, Алтын мүйіз, Сарайбурну және Ая-София аспанында сәлемдесу мақсатымен ұшқан  "SOLOTÜRK", "F-4E/2020" және "F-16" соғыс ұшақтарымен бірге Сарайбурнуна келіп тоқтаған Түркияның ең үлкен әскери кемесі "TCG Anadolu" да бар.



Ұқсас жаңалықтар