Министрдің ТМҰ жазбасы

«Түрік Мемлекеттері Ұйымы арман еді, шындыққа айналды» деп жазды.

1979465
Министрдің ТМҰ жазбасы

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу әлеуметтік желіде «Түрік Мемлекеттері Ұйымы арман еді, шындыққа айналды» деп жазды.

Министр Чавушоғлу «Түрік Мемлекеттері Ұйымы бастамашыл, гуманитарлық және ықпалды сыртқы саясатымыз» деген тақырыпта ТМҰ-ның жетілу процесі туралы жариялады. Министр 2009 жылы құрылған Түрік кеңесін 2021 жылы Стамбул саммитінде Түрік Мемлекеттері Ұйымына айналдырғандарын атап көрсетті. Чавушоғлу Өзбекстанның толыққанды мүше, Венгрия мен Түрікменстанның бақылаушы мүше болғанын білдірді.

Түркияның 2022 жылғы кезекті төрағалығы барысында Солтүстік Кипр Түрік Республикасының ТМҰ-ға бақылаушы мүше болғанын еске салған министр «ТүрікПа, Түріксой, Халықаралық Түрік академиясы және Халықаралық Түрік мәдениеті және мұрасы фондын ұйымның шаңырағы астында жинадық» деді.

Ол сонымен бірге ұйым құрамында орталығы Стамбулда болып табылатын Түрік Инвестициялық фондын құрғандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар