6 мың ғалым Түркияға оралды

Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында «ми көші» туралы жазба жариялады

1979460
6 мың ғалым Түркияға оралды

Президент Режеп Тайып Ердоған 2018 жылы жүзеге асырылған «Үйге оралу» жобалары аясында шет елдерде жұмыс істейтін 6 мың ғалымды Түркияға қайтарғандарын айтты.

Президент Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында «ми көші» туралы жазба жариялады. Ердоған «Түркия ғасыры» хэштегімен жарияланған жазбасында “2018 жылы жүзеге асырған «Үйге оралу» жобалары аясында шет елдерде жұмыс істейтін 6 мың ғалымды елге қайтардық. Өйткені Түркия қазір кететіндер емес, келетін ел” деді.

Жазбада  бастауыш білімін Мушта аяқтап, жылдар өткен соң Англияда ұстаздық қызметке кіріскен ғалымның Ердоғанның хатынан кейін елге оралғанын баяндайтын видео да жарияланған.



Ұқсас жаңалықтар