Суданнан эвакуация жалғасып жатыр

Басқа елдер де Түркиядан көмек сұрады.

1978941
Суданнан эвакуация жалғасып жатыр

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Суданда армия мен Жедел қолдау күштері арасындағы қақтығыстарға байланысты осы елдегі 1380 түрік азаматы мен 13 елдің 110 азаматының эвакуацияланғанын білдірді.

Министр кеше бір телеарнаның бағдарламасына қатысып,  Судандағы өтпелі кезеңнің көпке созылғанын және жағдайды жақыннан бақылап отырғанын айтты.  Министр билікте кім болса да Түркияның Суданға әрдайым көмекші болатынын білдірді. Ол Хартумдағы қақтығыстар барысында түрік елшілігі мен кейбір түрік мекемелеріне оқ тигенін, алайда көп шығын болмағанын еске салды. Бірақ түрік азаматы Кубилай Дадуктың екі жасар Элин атты қызының қаза тапқанын білдірді.

Министрдің айтуынша түрік азаматтары Эфиопия арқылы эвакуацияланып жатыр. «1490 адамды автобустармен жолға шығардық. Олардың 640-ы Эфиопияға барып жетті. Енді ұшаққа отырады. Қазір 850 адам жолда. Қалған азаматтар болса, ертең тағы эвакуация жалғасады. Порт Оф Судандағы 23 азаматымызбен де байланысып отырмыз. Ертең оларды Джиддаға қарай жүретін паромға отырғызамыз. Джиддадан олар да ұшақпен қайтады» деді министр.

Чавушоғлу көптеген елдің азаматтарын эвакуациялау тақырыбында Түркиядан көмек сұрағанын, қазір 13 елдің 110 азаматының да Суданнан шығарылғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар