Көмек бергендер марапатталады

Президент Ердоған жер сілкінісінің зардаптарымен күресте маңызды істер атқарған 55 мың адамға мемлекеттік марапат тапсырылатынын айтты.

1979331
Көмек бергендер марапатталады

Президент Режеп Тайып Ердоған 6 ақпан күнгі жер сілкінісінің зардаптарымен күресте маңызды істер атқарған 55 мың адамға Мемлекеттік «Ерен еңбек» медалі мен ордені тапсырылатынын айтты.

Ердоған апаттарда қызмет еткендерге марапат беретіндерін білдірді. «Біздің басымызға келгеннің ешкімнің басына келуін қаламаймыз. Бірақ апаттардың өмірдің шындығы екенін де ұмытпаймыз» деген президент ең қиын күндерде Түркияның жанында болғандарды ұмытпайтындарын тілге тиек етті. Әлемнің 90 елінен 11 мың 320 команданың Түркияға көмектескенін білдірген Ердоған «Әлемнің бір ұшындағы бауырларымыздың дұғасын, қолдауын сезіндік. Біз бұрын кімге көмек беруге атсалысқан болсақ, олар да біздің жанымызда болды» деді.

Президент Ердоған артынан мемлекеттік марапат берілетін алғашқы топқа медальдерін табыс етті.  



Ұқсас жаңалықтар