Чавушоғлу АҚШ хабарламалары туралы мәлімдеді

Чавушоғлу кеше бір телеарнада күн тәртібіне қатысты сұрақтарға жауап берді.

1979259
Чавушоғлу АҚШ хабарламалары туралы мәлімдеді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) 1915 жылғы оқиғаларға байланысты армян айыптауларына орай «геноцид» деген сөзді қолданып қолданбауының құқықтың негізі жоқтығын айтты.

Чавушоғлу кеше бір телеарнада күн тәртібіне қатысты сұрақтарға жауап берді.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) талабы айқын, геноцидтің анықтамасы анық. Нәтижесінде көптеген парламенттерде қабылданған шешімдерді үкіметтері ашық мойындамады» деді ол.

Чавушоғлу саясаткерлердің тарих тақырыбында шешім беруін өте қате деп санайтынын айтты. Ол тарихты әртүрлі дерек көздерінен оқу керектігін атап көрсетті.  «Біздің тарихымызда геноцид деген ұғым жоқ» деді министр.

Басқа жағынан Чавушоғлу Ресейдің санкцияларға байланысты батыс елдеріне астығын сата алмағанына назар аударды.

«Біз Ресейдің талаптарын қанағаттандыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Егер біз мұны істей алсақ, бұл астық келісімі қайтадан созылады. Оны созу керек. Әйтпесе дағдарыс болады» деді министр.

Министр Чавушоғлу АҚШ-тың PKK/YPG террор ұйымын қолдайтынына назар аударды. «Әрине  терроризммен күресте Америка Құрама Штаттарына сене алмаймыз, неге сенуіміз керек? Францияға да сенбейміз. Себебі қос стандарт бар, екіжүзділік бар» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар