Судандағы түрік азаматтар эвакуациялануда

Түркия басқа елдердің азаматтарын да эвакуациялауға көмектесіп жатыр.

1978462
Судандағы түрік азаматтар эвакуациялануда

Суданда 15 сәуірден бері армия мен Жедел қолдау күштері арасындағы қақтығысқа байланысты елдегі түрік азаматтарын эвакуациялау жалғасуда.

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда 140 адамдық конвой түске дейін астана Хартумның оңтүстік-шығысындағы Вад Мадани қаласынан 3 автобуспен жолға шықты.

Хартумда «Африка» көшесіндегі қонақүйге жиналған 500-ге жуық түрік азаматы кешке 10 автобуспен елге жол тартты.

Елорданың солтүстігіндегі Кафури ауданындағы түрік елшілігі белгілеген аймақта жиналған 400-ге жуық азамат қауіпсіздік жағдайларын ескере отырып, мүмкіндігінше тезірек эвакуацияланады.

Түрік азаматтары Эфиопияның астанасы Аддис-Абебаға дейін құрлық жолы арқылы жетіп, артынан  Стамбулға ұшады.

Түріктерді эвакуациялау конвойына Әзербайжан, Жапония, Қытай, Мексика, Йемен сияқты көптеген елдің азаматтары да қабылданды.

Президент Режеп Тайып Ердоған 20 сәуір күні Судан Егемендік кеңесінің төрағасы және армия қолбасшысы генерал Абдулфеттах әл-Бурхан және Судан егемендігі кеңесі төрағасының орынбасары, жедел қолдау күштері қолбасшысы Мұхаммед Хамдан Дагалумен бөлек телефон арқылы сөйлесті.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 22 сәуір күні Судан Сыртқы істер министрі Али әс-Садыкпен сөйлесті.

Көптеген ел өз азаматтарын эвакуациялау үшін Түркиядан көмек сұрады.

Судандағы армия мен милиция арасындағы қақтығысқа екі апта болды.



Ұқсас жаңалықтар