Чавушоғлу Байденнің мәлімдемесіне наразылық көрсетті

Чавушоғлу АҚШ президентінің мәлімдемесіне әлеуметтік желіден наразылық білдірді.

1978754
Чавушоғлу Байденнің мәлімдемесіне наразылық көрсетті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу АҚШ президенті Джо Байденнің 1915 жылғы оқиғаларға қатысты армян айыптауларын қолдайтын мәлімдемесіне наразылық білдірді.

Министр Чавушоғлу жеке аккаунтынан жасаған хабарламасында «Тарихты бұрмалауға тырысатын саяси қуыршақтар тағы да сахнаға шықты! Тарихты саяси мәлімдемелермен қайта жазу мүмкін емес. Бұл көзқарасты талап ететін оппортунистер өздерінің арам ниеттері және екіжүзділігімен есте қалады. Ұлы түрік ұлтына тарих сабағы беруге ешкімнің құқығы жоқ» деді.

АҚШ президенті Байден 1915 жылғы оқиғаларға байланысты армян айыптаулары туралы жасаған жазбаша мәлімдемесінде «қырғын» деген сөзді қолданған еді.



Ұқсас жаңалықтар