"Акязы Режеп Тайып Ердоған" спорт кешені ашылды

Президент Ердоған Сакариядағы "Акязы Режеп Тайып Ердоған" спорт кешенінің беташар салтанатына қатысты.

1978345
"Акязы Режеп Тайып Ердоған" спорт кешені ашылды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның байлығын әрбір ұлт өкілінің күнделікті өмірінде пайдалануды жалғастыратындарын айтты.

Президент Ердоған Сакариядағы "Акязы Режеп Тайып Ердоған" спорт кешенінің беташар салтанатында сөз сөйледі.

«Ұлттық күрестің ең маңызды кезеңдерінің бірі болған Ұлы Ұлттық Мәжілісіміздің ашылған күні – 23 сәуірдің 103 жылдығын тойлап отырмыз. Еліміздің Ұлттық Егемендік және балалар мерекесімен құттықтаймын" деді Ердоған. 

Қаратеңіз газының қуанышын бүкіл халықпен бөлісу үшін бұл мүмкіндікті барлық азаматтарға бір ай және бір жыл бойы беретіндерін атап көрсеткен Ердоған:

«Түркияның байлығын ұлтымыздың әрбір мүшесінің күнделікті өмірінде пайдалану шешіміміздің өзге бір бейнесі ретінде Отбасы және Жастар банкін құрып жатырмыз» деп көрсетті.

Президент Ердоған «Норвегия табиғи газ бен мұнайының 25 пайыздық бір бөлігін резерв ретінде пайдаланып, жастарына бөлтін, біздің де осы әдісті қолданатынымыздан үміттімін» деді.

Президент Ердоған инфляцияны бір таңбалы санға тұрақты түрде түсіретін қадамдарды жалғастыратындарын білдірді.

Қалалық ауруханаларды ашуды жалғастыратындарын айтқан резидент Ердоған:

«Алдағы кезеңде Измир де қалалық ауруханалар ашылады. Бұл ауруханалар еліміздегі 20 уәлаятта жалғасты  салынады» деді. 



Ұқсас жаңалықтар