Акар: "Төрттік жиналыс ертең Мәскеуде өтеді"

Қорғаныс министрі Акар Түркия-Сирия қарым-қатынастары туралы мәлімдеме жасады.

1978599
Акар: "Төрттік жиналыс ертең Мәскеуде өтеді"

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түркия-Ресей-Сирия және Иран арасындағы төрттік кездесудің ертең Ресейдің бас қаласы Мәскеуде өткізілетінін хабарлады.

Хулуси Акар Түркия-Сирия қарым-қатынастары туралы мәлімдеме жасады.

Мәскеуде 28 желтоқсан күні Түркия, Ресей және Сирия қорғаныс министрлері мен барлау ұйымдарының басшыларының қатысуымен үштік кездесу өткенін еске салған Акар өзара пікір алмасылған кездесулерді жалғастыруға шешім қабылдағандарын білдірді.

Министр Акар «Бұдан кейінгі жүзеге асатын жиналыстарға Иранның да қатысуы туралы пікір алмасылды. Мұны құзырлы органдар мақұлдады. Осы кездесудің жалғасы ретінде бұл жолы төрттік форматта жүзеге асатын қорғаныс министрлері мен барлау ұйымдарының басшылары қатысатын кездесуге дайындалып жатырмыз. Алғаш жиналысымыз 25 сәуір күні Мәскеуде өтпек. Бұл жерде мәселелерді келіссөздер арқылы шешу және аймаққа тезірек бейбітшілік пен тыныштық орнатуды мақсат етеміз» деді.

Қарым-қатынастар мен байланыстың өзара құрмет аясында жалғасқанын атап көрсеткен Акар «Сондай-ақ кездесуден кейін оң өзгерістер болады деп күтеміз. Аймақтық бейбітшілікке үлес қосу үшін Түркия атынан министрлік ретінде бар күш-жігерімізді ортаға саламыз» деді.

Түркияның террормен күрестегі табандылығы, қосымша көш толқыны қабылдамайтыны, Түркиядағы сириялықтардың қажетті шарттар орындалып өз еріктерімен қауіпсіз және абыройлы түрде өз жерлеріне және үйлеріне оралуын қамтамасыз етуді мақсат еткендерін тілге тиек еткен Акар «Осыған қоса Түркияда  немесе Сирияда болсын бірге ынтымақ жасайтын сириялық бауырларымыз бар. Оларға ауыртпалыққа итермелейтін кез-келген жағдайды немесе шешімді қабылдау біз үшін мүмкін емес. Біз бұл тақырыпта өте айқын саясат ұстанамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар