Ердоған: «Екінші мерекеміз – Қаратеңіз газының іске қосылуы»

Президент Ердоған Филиостағы Қаратеңіз табиғи газын іске қосу рәсімінде үн қатты.

1977798
Ердоған: «Екінші мерекеміз – Қаратеңіз газының іске қосылуы»
erdogan filyos.jpg
filyos.jpg
erdogan filyos1.jpg
erdogan filyos2.jpg

Қаратеңіз табиғи газы Президент Режеп Тайып Ердоғанның Зонгулдак Филиостағы рәсімде тұтандырған алаумен құрлыққа жеткізіле бастады.

Президент Ердоған Филиостағы "Түркия мұнайлары" компаниясы портында Қаратеңіз табиғи газын іске қосу рәсіміне қатысты. Президент осындағы азаматтарды Ораза айтпен құттықтады.

«Екінші мерекеміз – Қаратеңіз табиғи газының іске қосылуы. Бұл еліміздің энергетикалық тәуелсіздігі бағытында басылған тарихи бір қадам» деген Ердоған бұл жобаның алғаш қадамының 2020 жылдың тамыз айында Филиостан 175 шақырым қашықтықтағы "Сакария" табиғи газ өңдеу орнында «Фатих» бұрғылау кемесінің жұмысымен басылғанын еске салды.

Ердоған «Фатих» бұрғылау кемесіне «Кануни» мен «Явуз» бұрғылау кемелерінің қосылуы арқылы ауқымы кеңейген зерттеулер нәтижесінде Қаратеңіздегі газ резервін 710 миллиард текше метрге жеткізгендерін түсіндірді.

Әлемнің басқа аймақтарында 6-7 жылға созылатын жаңа табылған газды пайдалануға жарамды қылу мерзімін 3 жылға дейін алға шегергендерін түсіндірген Ердоған «Ашылғаннан кейін небәрі 32 ай өткен соң біз бүгін Қаратеңіз табиғи газын пайдалануға беру рәсімімен осы ұзақ және қиын жолдың ең бақытты сәтіне жеттік. Құдай қаласа алғашқы сатыда «Сакария табиғи газ өңдеу орнынан шығатын тәулігіне 10 миллион текше метрлік табиғи газды алдағы уақытта жаңа ұңғымалармен тәулігіне 40 миллион текше метрге жеткіземіз» деді.

Президент Ердоған бұл жобаның елдің табиғи газға деген сыртқы тәуелділігін айтарлықтай азайтып қана қоймай, Филиос пен Зонгулдак аймақтарын маңызды энергетика, технология және логистикалық базаға айналдырғанын атап көрсетті.

Ердоған «Толық күшке жеткенде еліміздің жылдық қажеттілігінің шамамен 30 пайызын осы жерден қамтамасыз ете аламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар