"Суданда атыстың тоқтауын күтеміз"

Министр азаматтардың жағдайына да тоқталды.

1977366
"Суданда атыстың тоқтауын күтеміз"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Судандағы қақтығысты тоқтату үшін тараптармен сөйлескендерін білдірді.

Мевлүт Чавушоғлу Анталияның Манавгат ауданында сөйлеген сөзінде Судандағы армия мен Жедел қолдау күштері арасындағы қақтығыстарға тоқталды. «Екі жақ та біздің ағайын. Неге бірін қолдаймыз?» деді.

Чавушоғлу қақтығысты тоқтату үшін екі жақпен де сөйлескендерін, бүгін атысты тоқтату мүмкіндігінің бар екенін білдірді.

Аймақтағы азаматтармен де байланыста болғандарын айтқан Чавушоғлу азаматтардың атыс тоқтағанша сыртқа шықпаулары керектігін айтты.  Ол егер азаматтардың бір мұқтаждықтары болса, елшілікке хабарласуды өтінді.

Чавушоғлу әуе кеңістігі ашылғаннан кейін қайтқысы келетін азаматтарды елге әкелетіндерін білдірді.

Арасында Еуропа елдері де бар көптеген елдің өз азаматтарын Суданнан эвакуациялау үшін Түркиядан көмек сұрағанын түсіндірген Чавушоғлу Түркияның сенімді ел екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар