Ердоған Диярбакырда ауызашарға қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған Диярбакырда ауызашарда зілзаладан зардап шеккендермен бірге болды.

1975224
Ердоған Диярбакырда ауызашарға қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған террордан тазартылған қалалардың тыныштық тапқанын және даму қадамын көргенін  білдірді.

Президент Ердоған Диярбакырда ауызашарда зілзаладан зардап шеккендермен бірге болды.

Соңғы үш жылдан бері коронавирус індеті, одан кейін 6 ақпандағы жер сілкінісі салдарынан Рамазан айын көңілсіз өткізгендерін білдірген Ердоған жер сілкінісі салдарынан 50 мың жанды жерлеудің азабын шеккендерін  айтты.

Бірінен соң бірі бастан өткерген зілзала апатының көлемін сөзбен жеткізудің қиын екенін екенін түсіндірген Ердоған «Ғалымдар орталығы Кахраманмарашта болған 7,7 және 7,6 баллдық жер сілкіністерін ғасырдың апаты деп сипаттауда. Сол түнді бастан кешкендер  бұл тұжырымның қаншалықты дұрыс екенін мойындауда»  деген сөздер қолданды.

Президент Ердоған «Бұдан бұрын су тасқыны, жер сілкінісі және өрт апаттары кезінде халыққа берген барлық уәделерімізді орындағанымыздай, қазір де осында аянбай еңбек етіп жатырмыз» деді.

Ердоған қыстың қақаған аязы, жер сілкінісінің 11 аймаққа тигізген әсері жұмысты қиындатқанын баяндап, осы қиыншылықтарға қарамастан  жер сілкінісі болған аймақ үшін бар күшін жұмылдырғанын түсіндірді.

Террормен жүргізген күрестерге тоқталған  Ердоған «Өңірімізден террордың қара көлеңкесі жойылған сайын, Аллаға шүкір, қалаларымызда тыныштық орнады. Инвестиция, қызмет көрсету және жұмыспен қамту арқылы жан-жақты даму қадамын көре аласыз» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар