Чавушоғлу Кахраманмарашта болған  жер сілкінісіне тоқталды

Чавушоғлу Түркияның Кахраманмарашта болған  жер сілкінісінен кейін теңдесі жоқ халықаралық қолдауға ие болғанын айтты.

1974464
Чавушоғлу Кахраманмарашта болған  жер сілкінісіне тоқталды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Стамбул университетінде Түрік Тарих қоғамы мен Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған «Республиканың 100 жылдығында Түркияның сыртқы істері: ғасырлар бойы жинаған дипломатиялық тәжірибесі» атты симпозиумда сөз сөйледі.

Министр Чавушоғлу Түркияның 6 ақпанда орталығы Кахраманмарашта болған  жер сілкінісінен кейін теңдесі жоқ халықаралық қолдауға ие болғанын айтты.

Чавушоғлу «Бұл ынтымақтастық дипломатиясы біздің іскерлік, гуманитарлық жәрдем , салиқалы және ықпалды  сыртқы саясатымыздың нәтижесі» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар