Ердоған Анкарада мәлімдеме жасады

Ердоған алдағы кезеңдегі басты міндет 6 ақпандағы жер сілкінісінен қираған қалаларды қалпына келтіру екенін айтты.

1973306
Ердоған Анкарада мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған 6 ақпанда Кахраманмарашта болған жер сілкінісіне байланысты:

«Алдағы кезеңдегі басты міндетіміз, әрине, 6 ақпандағы жер сілкінісінен қираған қалаларымызды қалпына келтіру болмақ» деді.

Ердоған астана Анкарада сөйлеген сөзінде:

"Біз 11 уәлаят пен оларға іргелес аудандарда барлығы 650 мың жаңа үй салу арқылы апаттан туындаған жараларды толығымен емдейміз,  үйдің 319 мыңы бір жылда тапсырылады. Түркия Ұлттық қауіп қалқаны үлгісімен 81 уәлаятты апатқа төзімді қалаларға айналдырамыз» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар