Пасха мерекесімен құттықтады

Ердоған христиандарды Пасха мерекесімен құттықтады.

1972539
Пасха мерекесімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған христиандарды Пасха мерекесімен құттықтады.

Ердоған жазбаша хабарламасында «Бұрыннан бері түрлі наным, мәдениет және дәстүрлерге ие азаматтар тату-тәтті, тыныш өмір сүрген Анадолы жерінде бірлік пен бауырластықты жалғастыра береміз. Түркия Республикасы шаңырағы астында әрбір азаматымызды осы ұлы ұлттың бір құндылығы ретінде есептейміз. Барлығымыз бірге одан да мықты және ауқатты болашаққа иықтасып жетеміз. Пасхаға орай христиан азаматтарымызды құттықтап, аманшылық тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар