Ердоған мен Герцог телефон арқылы сөйлесті

Ердоған Әл-Ақса мешітіне бағытталған арандатушылыққа үнсіз қалмайтынын айтты.

1971918
Ердоған мен Герцог телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Израиль президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда Израиль қауіпсіздік күштерінің Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылы және Израиль күштерінің қасиетті орындарда ғибадат қылған адамдарды нысанаға алған қатаң ұстанымы талқыланды.

Бұл оқиғаның мұсылмандарға қоса барша адамзаттың ар-ұжданын жаралағанын атап көрсеткен президент Ердоған Әл-Ақса мешітінің мәртебесі мен руханиятына қарсы арандатушылық пен қоқан-лоққылар алдында үнсіз қалудың мүмкін еместігін баса айтты.

Ердоған Рамазан айының еврейлердің "Пасха" мерекесімен тұспа-тұс келген осы сезімтал кезеңде Газа мен Ливанға тараған шиеленістің ушығуына жол берілмеу керектігін білдірді.

Әл-Ақса мешітіне шабуыл жасауға шақырған радикал еврей топтардың наразылық пен алаңдаушылықты арттырғанын атап көрсеткен Ердоған әсіресе 11 сәуір күні басталатын «Итикаф» ғибадаты кезеңінде мұсылмандардың еш қиындықсыз намаздарын оқу үшін қажетті шараларды қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.

Рамазан сайын қайталанатын бұл оқиғалардың аймақтың тағдырына айналуының алдын алу керектігін атап көрсеткен Ердоған мәселенің түбіне жетіп, әділ және тұрақты бейбітшілік орнатуға бағытталған бір қадам басу үшін өз үлестерін қосуға дайын екенін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар