Хулуси Акар әскерлермен кездесті

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Анкарадағы Гази армия үйінде мәлімдеме жасады.

1971396
Хулуси Акар әскерлермен кездесті

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 6 ақпанда болған жер сілкінісінен кейін мемлекеттің өз азаматтарының, ұлттың да мемлекетінің жанында екенін айтты.

Министр Акар кеше астана Анкарадағы Гази армия үйінде жасаған мәлімдемесінде жер сілкіністерінің алғашқы сәтінен бастап жұмылдырылған Түрік Қарулы Күштерінің ұлттың жанында болып, көмекке ұмтылғанын айтты.

Тарихта көптеген қиыншылықтардың болғанын еске салған Акар:

«Құдайға шүкір, біз бұл қиыншылықтардан ар-ұжданымызбен шықтық, мемлекет пен ұлт бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір жұдырықпен, бір жүрекпен бірлесе отырып, бұл апатты жеңеміз, табысқа жетеміз" деп көрсетті.

Жер сілкінісінен кейінгі әрекеттермен қатар түрік әскерінің Ирак пен Сирияның солтүстігінде терроризммен күрес және шекара қауіпсіздігін қорғағанына назар аударған Акар құқықты, әділетті және мүддемізді қорғау үшін құрлықта, әуеде және теңізде күрестің жалғасқанын атап көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар