Әл-Акса мешіті шабуылына ел көлемінде наразылық

Израильдің Әл-Ақса мешітіне шабуылы Түркияның түкпір-түкпірінде наразылық туғызды.

1970840
Әл-Акса мешіті шабуылына ел көлемінде наразылық
ankara israil tepki.jpg
israile yurttan tepki.jpg
istanbul fatih israil tepki.jpg

Израиль күштері Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуыл Стамбулдағы азаматтық қоғамдар тарапынан протест етілді.

Фатих мешітінің ауласындағы наразылық шарасында Палестина туын ашқан топ «Залымдар үшін жасасын тозақ», «Палестинаға басқыншылығын тоқтат» және «Қанішер Израиль, Палестинадан шық» деген баннерлер көтерді.

Топ «Жасасын Палестина үшін күресіміз», «Мұсылмандар осында тік тұрады» және «Израиль құрсын» сынды ұрандар тастады.

Әл-Ақса мешіті мен палестиналықтарға бағытталған шабуылдарға Стамбулдағы Израиль консулдығы алдында да наразылық артты.

Анкарадағы Израиль елшілігі алдында жиналған азаматтық ұйым өкілдерінен тұратын топ АҚШ пен Израильге наразылық ұрандары тастады.

Эскишехирдегі демонстрацияда үн қатқан Гуманитарлық жәрдем қорының Эскишехир директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Мұхаммед Халим Өзкан болса «Бұл жауыз шабуыл Израильдің аймаққа жүйелі түрде жасаған шабуылдарының нәтижесі және палестиналықтардың тұтас нысанаға алынғанының көрсеткіші» деді.

Бингөлдегі шеруде «Құрсын Израиль» және «Иерусалимге қолдауды жалғастырамыз» деген ұрандар айтылды.

Диярбакырдағы шеруде де Иерусалимнің әрі материалдық, әрі рухани жағынан ешқашан жалғыз қалдырылмайтыны баса айтылды.

Күтахиядағы шеруде Әл-Ақса мешітінің Ислам дінінде «айналасы мүбәрәк етілген қасиетті орын» екені баса айтылып, осы жердің Израильдің шабуылдары және ойындары арқылы басып алғанына назар аударылды.

Билежиктегі шеруде болса Әл-Ақса мешіті, Иерусалим және Палестина жерінің бүкіл үмметтің мәселесі екеніне назар аударылды.

Кайсеридегі шеруде де Иерусалимнің мұсылмандар үшін ең ауыр сынақ екені атап көрсетілді.

Сиваста болса «Иерусалим мұсылмандардың қызыл сызығы» деп жазылған баннерлер ілінді.



Ұқсас жаңалықтар