Ердоған: Филиоста Қаратеңіз газының отын тұтатамыз

Президент кейбір телеарналардың ортақ тікелей эфиріне қатысты.

1970751
Ердоған: Филиоста Қаратеңіз газының отын тұтатамыз

Президент Режеп Тайып Ердоған «20 сәуір күні Қаратеңіз газының отын Филиоста тұтатамыз» деді.

Президент Ердоған кейбір телеарналардың ортақ тікелей эфирінде журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Ердоған «Энергетикада жаңа бір сүйінші бар ма?» деген сұраққа «20 сәуір күні Қаратеңіз газы іске қосылады. Қаратеңіз газының отын Филиоста тұтатамыз, содан кейін Түркия отандық газды пайдалана бастайды. Ұзақ жылдар энергетикалық тәуелсіздігіміз үшін күрестік» деді.

Президент Ердоған Израиль күштерінің Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылын айыптады.

Рамазан айында жасалған шабуылды қабылдауға болмайтынын айтқан Ердоған «Айыптауымызды сыртқы істер министрлігі арқылы жарияладық. Мен сөйлеген сөзлерімде ашық айыптағанымды білдіремін. Қауіпсіздікке қатысты ешбір алаңдаушылық мұндай адамгершілікке жатпайтын әрекетті ақтай алмайды. Әл-Ақса мешітінің тарихи мәртебесі мен руханилығына және палестиналықтардың наным мен өмір сүру еркіндігін нысанаға алған бастамалар мен қоқан-лоққылар тоқтатылуы керек.

Израиль шиеленісті күшейтетін және шиеленісті арттыратын қадамдардан міндетті түрде бас тартуы керек. Біздің әсіресе, синагогаларға қарсы мұндай шабуылымыз бар ма? Бізде еврей храмдарына шабуыл бар ма? Өйткені біз оларды киелі деп есептейміз. Біз палестиналық бауырластарымызға барлық қолдауды көрсетуді және қасиетті тұлғаларымызды қорғауды жалғастырамыз. Израиль мұны жақсы білу керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар