Террористік ұйымдармен байланысы бар активтер тоқтатылды

Қазына және Қаржы министрлігінің «Активтерді шектеу туралы шешімі» Ресми газетте жарияланды.

1969604
Террористік ұйымдармен байланысы бар активтер тоқтатылды

«PKK/KCK», «ДАИШ» және «MLKP» (Маркстік-лениндік коммунистік партия) лаңкестік ұйымдарымен байланысы бар кейбір жеке және заңды тұлғалардың Түркиядағы мүліктерін кепілдікке алу туралы шешім қабылданды.

Қазына және Қаржы министрлігі дайындаған «Активтерді шектеу туралы шешім» Ресми газетте жарияланғаннан кейін күшіне енді.

Осыған қарағанда министрлік террор ұйымы "PKK/KCK"-ға қатысы бар Лезгин Өрнек, Айфер Беклен, Неслихан Зерай, Майер Фукс Сюзан, Шмид Пиа Барбара, Жөмерт Ардыч және MLKP-мен байланысы бар Хасан Дағделеннің Түркиядағы активтерін бұғаттады.

Екінші жағынан Түркияда ДАИШ террор ұйымымен байланысы бар 6 тұлға мен 4 заңды тұлғаның мүлкі кепілдікке алынды.

Активтеріне тыйым салуға шешім қабылданған ДАИШ-пен байланысы бар нақты тұлғалардың тізімі Невин Хамида, Суфи Хамида, Шакер Әлхусайни, Мохамед Салах Мұхамед Абдулвахид, Мұхаммед Әл Ваки және Омар Альваки болып жарияланды.

ДАИШ-пен байланысы бар заңды тұлғалар тізімінде «Disoft Teknology», «Liquidation», «Tasf.Hal.Sham Express Kargo Otomotiv», «Tayba Almedine» Сыртқы сауда, қайырымдылық, әлеуметтік және ынтымақтастық қоғамы орын алады.



Ұқсас жаңалықтар